«Күншуақ» балабақша яслиі

«Күншуақ» балабақша яслиі ЖШС-і 2015 жылы жарғы негізінде құрылып, бүгінгі күнге дейін үздіксіз, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Есабыз көшесі, № 49 үй бойынша жұмыс жасап келеді.
Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасын іске асыру бағытында
3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру қызметін атқаруда. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбие мен оқыту жұмыстары Қазақсатан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандарты бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасы» негізінде жұмыс жасайды. Балабақша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі.
Балабақшада 40 балаға арналған, 2 топ жұмыс жасайды. Ойын, жатын бөлмелері стандарт талабына сай жабдықталған, типтік ғимаратта орналасқан, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен, әрбір топ жеке жатын , ойын киім ауыстыратын , жуынатын және әжетхана бөлмелерінен тұрады. музыка, дене шынықтыру залдары біріктірілген.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі 5 күндік жұмыс аптасымен, жұмыс уақыты 8.00 – дан 18.00-ге дейін белгіленген. Балабақша өрт-дабыл қондырғылары және бейнебақылау камераларымен, жылу жүйесімен және сумен қамтамасыз етілген. Сыртқы алаңында топтарға арналған ойын құралдары, әр топқа балалар отырып ойнайтын көлеңкелі қоршау орындығымен (беседка), гүл алаңқайлары және балалардың денсулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған. Балабақша техникалық материалдық базасы толық қамтылған, интерактивті панел, түрлі-түсті теледидар, әдістемелік кітаптар, барлық ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша қамтылған. Дәрігерлік бөлме, асхана, кір жуатын бөлмелер жыл бойы қызмет көрсетеді.
Балабақшаның мақсаты: Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие, бала тұлғасын дамытуда үлес қосу және тәрбиелеу.

Mobirise Website Builder
Mobirise Website Builder

Кушакбаева Айгул Мейрбековна

«Күншуақ» балабақша яслиі ЖШС-і меңгерушісі
 - Туған жері:Ташкен облысы Бөке ауданы
- Ұлты: Қазақ;
- Білімі: Жоғары;орта
- Бітірген оқу орны: М.Мирас атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (2013-2017); (1996-1998)
- Мамандығы: Бастауыш сыныптар мұғалімі;қосымша мамандығы мектепке дейінгі тәрбиеші
- Еңбек өтілі: 15 жыл.  

Бізбен байланысыңыз!

Телефон

8 (701) 859-17-73
8(702) 893-42-16    

Почта

kusakbaevaajgul@gmail.com

Мекен-жайымыз

Шиелі ауданы, Есабыз көшесі, № 49 үй

Жұмыс уақыты

8:00 - 18:00

©  2025 «Күншуақ» балабақша яслиі авторлық құқық қорғалған